Қожалардың бойында арабтың қаны бар-жоғы анықталды
Еуразия бірінші арнасы генетик ғалым 80 қожадан сынама алғанда арабтарда кездесетін кодты таппаған деп көрсетті.
Қожалар басқа ру өкілдерімен қыз алыспаған. Оның бір себебі, шариғатқа сүйеніп, пәтуә айту үшін басқа ру өкілдерімен құда болмауы керек.
Адам генетикасы зертханасының басшысы Мақсат Жабағиннің айтуынша, бірнеше жыл бұрын қожанның тоғыз тармағынан тарайтын 80 адам генетикалық зерттеуге қатысқан.
Зертханада гаплаобын, яғни арғы тегін бірнеше ғасырға дейін анықтауға болады екен. Мәселен, араб болса G1, қазақ болса С2 сияқты гаплатобының коды көрсетілу керек.
– Біздің Қазақстанда қожалар генетикалық тұрғыда бір-бірімен салыстырғанда әр түрлі. Сосын араб елдерінде жиі кездесетін G1 тобымен салыстырдық. Бірақ қожаларда ондай болмай шықты, – дейді Мақсат Жабағин.
Арна тілшісімен қорасан қожалардың бірі Ұлттық биотехнология орталығына барып, ДНК сынамасын жасатады. Ол өзінің арабқа қатысы бар-жоғын анықтағысы келеді. Алайда 81-ші болып сынама тапсырғанда да, онда гаплатобы табылған жоқ.